бейсенбі, 2 қазан, 2025 10:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" Чемпиондар лигасында нешінші орынға жайғасты

"Қайрат" Чемпиондар лигасында нешінші орынға жайғасты
"Қайрат" - "Реал" матчы. Фото: Pedro Castillo/Real Madrid via Getty Images
Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде екі рет жеңіліске ұшыраған болатын, бүгінде клуб турнирлік кестеде нешінші орынға жайғасқаны анықталды.

Алматылықтар сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен, өз алаңында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңілді.

Басылым ақпаратына сәйкес, қазақстандық клубтың активінде ұпай жоқ — салынған және жіберілген голдардың айырмасы -8-ді құрағаннан кейін турнир кестесінде "Қайрат" соңғы, 36-орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде "Реал" 5:0 есебімен "Қайратты" жеңген болатын. "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынды қорытындылады. Испаниялық бапкер Алматыда көбірек уақыт өткізгісі келетінін мойындады.

Артынша алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында "Реалмен" өткен ойынға қатысты өз пікірін ортаға салды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар