бейсенбі, 2 қазан, 2025 10:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мбаппенің хет-тригі: «Қайрат» «Реалдан» ұтылды

Мбаппенің хет-тригі: «Қайрат»  «Реалдан» ұтылды
Pedro Castillo/Real Madrid via Getty Images
Енді алматылық клуб 21 қазанда өз алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі.

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі кезекті ойында мадридтік «Реалмен» кездесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, ойынды италиялық төреші Марко Гуида бастаған қазылар алқасы басқарды.

Құрам:

«Қайрат»: Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Қасаболат, Арад, Громыко, Жоржиньо, Сәтпаев.

«Реал»: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.

Алғашқы минуттардан-ақ алаң иелері қарсыласына қысым көрсеткенімен, қонақтар біртін-біртін ойынды өз бақылауына ала бастады. Ал 25-минутта жас қақпашы айып алаңында Франко Мастантуононы ереже бұзып тоқтатып, «Реал» пенальтиге болды. Килиан Мбаппе мүмкіндікті мүлт жібермей, есеп ашты – 0:1.

Екінші таймда «Қайрат» жиі шабуылдағанымен, қорғаныста бос орын қалдырды. Осыны пайдаланған Мбаппе дубльдің, кейін хет-триктің авторы атанды. Соңғы минуттарда Эдуардо Камавинга мен Браим Диас та көзге түсіп, «Реал» алаң иелерін ойсырата жеңді – 0:5.

Енді алматылық клуб 21 қазанда өз алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі.

Есеп:

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Реал» (Мадрид, Испания) – 0:5 (0:1)

Голдар: Мбаппе (пенальти, 25), Мбаппе (52), Мбаппе (74), Камавинга (83), Диас (90+3).

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар