
Мадридтік “Реал” Алматыға ең мықты құрамын әкелді. Дегенмен, “Қайратпен” ойнардың алдында “Реал” Испания чемпионатында “Атлетико Мадридтен” 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Осыған байланысты алматылық жанкүйерлер жұлдызды қарсыластың алдында өз командасының да қиындық тудыру мүмкіндігіне үміттенуде.
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин “Реалға” қарсы ойында қазақстандық команда үшін бастысы — матчтың соңына дейін тұрақтылық сақтау екенін атап өтті.
“Реал” сияқты клубта әлсіз тұстар көп емес. Бірақ кейбір сәттерді талдай отырып, біз өзіміз үшін “Реалдың” аздаған минустарын таптық. Оларды қалай пайдаланатынымыз, ол біздің ісіміз. Қазір нақты айта алмаймын, бұл құпия. Ертең бәріңіз көресіздер. Егер бізде бірдеңе шықса, демек, жоспар орындалды деген сөз. Бірақ бұл қарсылас өте жоғары деңгейдегі клуб екенін жақсы түсінеміз, сондықтан қиын болатыны анық. Біз байқаған сәттерді қолдануға тырысамыз. Оң нәтижеге жетуімізде жанкүйерлердің қолдауының маңызы зор. Олар бізге чемпионат пен Чемпиондар лигасындағы алдыңғы матчтарда қатты көмектесті. Біз мұны жақсы түсінеміз, сондықтан ертең де трибунадан зор қолдау күтеміз, – деді Уразбахтин.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді
Ұқсас жаңалықтар
"Қайрат" -"Реал" матчы билет құнына байланысты министрлік жауап берді
- авторОймақ
- 25 қыркүйек, 2025