
Блогер, әнші Рүстем Жүгінісов діни араздықты қоздырғаны үшін айыппұл төлейді. Жүгінісовтің ісі Астана қаласының сотында қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Orda.kz мәліметінше талап-арызды Дін істері басқармасының өкілдері берген, олар әншінің жарияланымдарынан араздықты қоздыру белгілерін көрген.
Жазбаларының бірінде блогер Жаңа жылды тойламауға шақырған. Оның пікірінше, ата-бабалары бұл мейрамды тойламаған, сондықтан Жаңа жылды мерекелеу – өз дінінен және дәстүрінен бас тарту екен.
Сондай-ақ блогер Ақтөбедегі мешітте орын алған оқиғадан кейін әйелдерге үндеу жасаған. Оның айтуынша, әйелдер үйден көп шықпауы керек, тіпті мешітке де бармағаны жөн. Ол әйелдерге тек әкесі, ағасы немесе ер туысымен бірге ғана жүруді ұсынған.
Сот отырысы жөнінде ресми хабар берілгеніне қарамастан блогер сотқа келмеген.
Сот шешімімен ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және тектік араздықты қоздыруға бағытталған деректер мен материалдар бар бұқаралық ақпарат құралдары өнімін тарату) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысы әкімдігі екі дүркін Әлем чемпионы Аида Әбікееваны құттықтады
- авторОймақ
- 26 қыркүйек, 2025