
Отандық телеарналардың бірінде қызмет ететін журналист Ақбөпе Тәңірберген әлеуметтік желіде мәһрге не сұрағанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол мешіттегі неке қию рәсімінен видео жариялады. Видеода имамның Ақбөпеден мәһрге не қалайтынын сұрады. Ол күйеуі Диас үш сиыр әперем дегенін айтады. Имам: «Алла қаласа, Диас бауырымыз Ақбөпе қарындасымызға үш сиыр алып береді» деп сөзін аяқтады.
Айта кетейік, Ақбөпе Тәңірберген көпшілікке Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған. Ол «Хабар-24» арнасында істеген тұста «Әкімдер» бағдарламасын жүргізген. Сол кезде Алматының «Алатау» ауданының әкімдігінің ғимаратында күзетші тілшіні көтеріп алып, сыртқа шығарып тастаған. Кейін бұл видео желіде тарағанда қоғамда резонанс туындаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.