жұма, 26 қыркүйек, 2025 18:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Келінжанға" "Қылышбек" неге түспегенін айтып берді

"Келінжанға" "Қылышбек" неге түспегенін айтып берді
ашық дереккөз
Әркімнің өз таңдауы бар.

“Келінжан” сериалының бас кейіпкері “Қылышбектің” алтыншы маусымда неге түспегені анықталды. Бұл туралы жобаның бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова журналист Аман Тасығанға айтып берді.

”Алтыншы маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған.  “Болды, осымен қояйық” деп, былтыр бесінші маусымды өзім үшін жапқанмын.  Өйткені, өте қиын болды. Адами тұғыдан сериалды жалғастыру мүмкін емес фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да өте қиын. Тіпті актерлердің гонорары әр маусым сайын 10 есеге өсіп отырды. “Келінжанның” бюджеті бірінші маусымдағыдан өзгерген жоқ. Халық сұрағасын түсірдік”, – деді продюсер.

Одан кейін халықтың сүйікті образына айналған “Қылышбек” алтыншы маусымда төбе көрсетпеді. Продюсер де себебін жасырмады. 

“Жоба басталайын деп жатқанда Рүстем Жаныамановқа жаздым. “Гүлнұр апай, қатысамын. Хабарласамыз” деді. Бірақ сол күйі жауап болмады. Мен оған барып жалынбаймын. Бір-екі рет жекесіне жаздым, оқып, жауап қайтармады. “Келінжанмен” қатар бірнеше жобасы бір уақытта келіп қалған сияқты. Әркімнің өз таңдауы бар. Оны мен құрметтеуге міндеттімін”, – деді жоба авторы. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар