бейсенбі, 25 қыркүйек, 2025 19:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ спортшысы пара жүзуден күміс медаль алды

Қазақ спортшысы пара жүзуден күміс медаль алды
Фото: ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті
Пара жүзуден әлем чемпионаты 21-27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

 

Қазақ спортшысы Нұрдәулет Жұмағали Сингапурда өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Sportinside.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Әлемдік додада Нұрдәулет Жұмағали 100 метрлік брасс қашықтығында мәреге екінші болып жетті. Ол 1:06.64 уақыт көрсетті. Жарыста бірінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Тимофей Гук иеленді (1:06.51). Үшінші орынға украиналық Алексей Федина табан тіреді (1:06.99).

Айта кетейік, бұл Нұрдәулет Жұмағалидың әлем чемпионаттарындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы Мадейрада, 2023 жылы Манчестерде өткен жарыстарда екінші орын алған болатын. Сонымен қатар спортшының еншісінде Паралимпиада ойындарының екі медалі бар: 2024 жылғы Парижде – күміс, 2020 жылғы Токиода – қола.

Пара жүзуден әлем чемпионаты 21-27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 75 елден шамамен 600 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынауда.

Бұл турнир жаңа паралимпиадалық циклдағы алғашқы ірі чемпионат болып саналады және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына дайындық жолындағы маңызды кезеңнің бірі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар