
Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Төрехан Сабырхан "1001 түн" бағдарламасында жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді, – деп жазды Oimaqnews.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бағдарлама барысында спортшыдан жеке өміріне қатысты сауал да қойылды.
"Қазіргі таңда жүрегіңіз бос па?" деген сұраққа Сабырхан: "Жоқ, бос емес. Маған ұнайтын бір қыз бар", деп жауап берді.
Айта кетейік, финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан жапониялық Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл — құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын.
2024 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатының "алтынын" иеленсе, 2025 жылы Болгарияда ұйымдастырылған беделді "Странджа кубогын" да жеңіп алды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Көптен күткен жаңалық болмақ": Жәнібек Әлімханұлы сүйінші жаңалығын бөлісті
- авторОймақ
- 20 қыркүйек, 2025