Отбасы банкінде жалға алу мен ипотека төлемдерін онлайн жүзеге асыру шектеледі
- авторОймақ
- Бүгін, 13:39
- 13

Енді бұл операцияларды банк бөлімшелерінде және Баспана Маркет (otbasybank.kz) порталындағы жеке кабинет арқылы қажетті құжаттар топтамасын тапсыру арқылы жүргізуге болады, деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.
Операциялар тек жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Баспана Маркет порталы арқылы өтініш берген жағдайда деректерді өңдеу мерзімі – 3 жұмыс күні. Банк кешіктірілген берешектің алдын алу үшін операцияларды алдын ала жасауға кеңес береді.
Бұдан былай тұрғын үйді жалға алу үшін жалға берушінің деректемелері көрсетілген жалдау шарты, екінші деңгейлі банктегі ипотекалық қарызды өтеу үшін
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты (қарыз шартында меншік иесі көрсетілмеген жағдайда), банктік немесе қаржы ұйымымен жасалған қарыз шартының түпнұсқасы, қарыз бойынша төлемдер кестесі, ЕДБ, қаржы ұйымы немесе өзге заңды тұлғадан қарыз алушының берешек жағдайы туралы анықтама қажет.
Сонымен қатар тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың бірінің атына рәсімделген ипотекалық қарызды өтеуге де жұмсалуы мүмкін. Бұл жағдайда жылжымайтын мүлік ортақ бірлескен меншікке тіркелген болуы шарт.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.