жұма, 19 қыркүйек, 2025 15:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Енді Қазақстанда декларация автоматты түрде толтырылады

Енді Қазақстанда декларация автоматты түрде толтырылады
Фото: freepik
Жақында салық төлеу коммуналдық қызметке ақы төлеумен бірдей оңай болуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан былай декларация автоматты түрде толтырылады деп уәде етті. Сізг тек "келісемін" деген батырманы басып, төлем жасасаңыз жеткілікті.

Себебі Қаржы министрлігі салық бойынша декларацияларды автоматты түрде алдын ала толтыруды және бірыңғай жеке шотты енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматыда өткен жаңа Салық кодексін түсіндіру семинарында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Биржанов айтты.

«Қазір біз салық төлеу жүйесін жеңілдетуге, декларацияларды алдын ала автоматты толтыру принципіне көшіп жатырмыз. Біз алдын ала толтырылған декларациядағы сандарды көрсетіп, тек келісіп, салықты төлеп жібергендеріңізді қалаймыз. Алдағы уақытта бірыңғай жеке шот енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сол кезде салық төлеуші тек салықты төлейді, ал оны кодтарға бөліп тарату – біздің міндетіміз болады», – деп жоспарларымен бөлісті Ержан Биржанов.


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар