“Балта-пышақпен 170-тен астам соққы жасаған” - Ер адам мүгедектігі бар танысын аясыз өлтірген
- авторОймақ
- Бүгін, 12:12
- 13

Оқиға 11 қыркүйек күні Малая Черкизовская көшесіндегі пәтерде болған. Тергеу дерегінше, күдікті алкоголь ішіп, танысымен жанжалдасып қалған. Жеке араздықтың соңы қылмысқа ұласып, ол мүгедектігі бар азаматқа пышақпен, балтамен және әртүрлі заттармен 170-тен аса соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір аталған дерек бойынша “кісі өлтіру” бабымен іс қозғалды. Тергеушілер оқиға орнын қарап шықты, куәгерлерден жауап алды және бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Алдағы уақытта одан тергеушілер жауап алады. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.