дүйсенбі, 15 қыркүйек, 2025 18:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ
Фото: Oimaqnews.kz
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» мен Корея Республикасының Шетелдегі корейлер істері жөніндегі агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Аталған құжат екі ел арасындағы гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды дамытуға және диаспорамен жұмыс бағытындағы тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл құжат Шетелдегі корейлер істері жөніндегі агенттіктің шетелдік әріптестерімен жасасқан алғашқы халықаралық келісімі болып табылады.

Меморандум аясында шетелдегі отандастарды қолдау, олардың ұлттық бірегейлігін нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қаланды.

Іс-шара барысында «Корея мен Орталық Азия елдерінің даму болашағы» атты ғылыми семинар өтті. Онда екі елдің ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, диаспоралардың әлеуетін арттыру және жаңа серіктестік жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Бұл келісім мен семинар Қазақстан мен Корея Республикасының гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын нығайтып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы жаңа кезеңді бастады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар