"Жақ сүйегі сынған": Темірлан алдағы ойындарға қатыса алмауы мүмкін
- авторОймақ
- Бүгін, 15:09
- 19

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы ойындарға қатыса алмайды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, Темірлан жақын арадағы матчтарға шыға алмайды. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», – деді «Қайрат» футбол клубының медиа-офицері Арман Жақсығұлов.
Айта кетейік, Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай болды. Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құраманың ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.