жұма, 12 қыркүйек, 2025 19:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Назым Қызайбай әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды

Назым Қызайбай әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды
Спортты дамыту дирекциясы
Ол кем дегенде қола медальді еншілеп отыр.

Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатының ширек финалында шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Sportinside.kz. сайтына сілтеме жасап. 

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалдық кездесуде Қызайбай украиналық Анна Охотамен күш сынасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді еншілеп отыр. Ал оның қарсыласы Анна Охота жүлдеге қол жеткізе алмады.

Айта кетейік, Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы. Ал Анна Охотаның әуесқой бокстағы ең ірі жетістігі – 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар