
2022 жылдың қаңтарында Ташкент қаласының тұрғыны туған қызын аюдың вольеріне тастаған болатын. Ол кезде қыз тірі қалған, ал анасы мәжбүрлі емдеуге жіберілген еді. Алайда дәрігерлердің көмегі нәтиже бермеген сыңайлы. 2025 жылдың қыркүйегінде әйел қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады zakon.kz. Gazeta.uz дерегінше, әйел қызын ас үй пышағымен бірнеше рет жарақаттаған. 7 жастағы бала оқиға орнында қаза тапты. Биыл тамыз айында әйел психоневрологиялық диспансерден амбулаториялық бақылаумен шығарылған. Оның жағдайын бақылаған мамандар әйелдің сауығып келе жатқанын айтқан. Бұл оқиғаға байланысты Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғағанын мәлімдеді. Ұсталған әйелдің тағы бір баласы – ұлы бар екені белгілі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Канадада зағип зейнеткер әйелдің көзіне тіс салып, көру қабілетін қайтарды
- авторОймақ
- 13 тамыз, 2025