сәрсенбі, 10 қыркүйек, 2025 20:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады
BAQ.kz
Жалдау ақысы Алматыда ең жоғары – 5 390 теңге/шаршы м, ал ең арзан Таразда – 2 285 теңге.

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы тамыз айындағы тұрғын үй бағасына қатысты деректерді жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші нарықта (жаңа үйлер) ең қымбат шаршы метр Алматыда – 647,7 мың теңге, Астанада – 618,7 мың теңге, Атырауда – 521,8 мың теңге. Ең арзан баға Оралда (295 мың теңге), Ақтөбеде (309,5 мың теңге) және Көкшетауда (333 мың теңге) тіркелді.

Екінші нарықта (қайта сату) пәтерлер Алматыда (692,6 мың теңге), Астанада (663,8 мың теңге) және Атырауда (485,5 мың теңге) ең қымбат бағада тұр. Қолжетімді баспана Қызылорда (315,5 мың теңге), Көкшетау (337,5 мың теңге) және Ақтауда (338,5 мың теңге) сатылды.

Жалдау ақысы Алматыда ең жоғары – 5 390 теңге/шаршы м, ал ең арзан Таразда – 2 285 теңге.

Жылдық өсім:

Жаңа тұрғын үй – +11,3%

Екінші нарық – +8,8%

Жалдау ақысы – +8,5%

Ең көп қымбаттаған қалалар қатарында Павлодар, Ақтөбе, Алматы және Қызылорда бар.

 

Сонымен қатар 31 тамыздан бастап үлестік қатысу ережелеріне жаңа талаптар күшіне енді: төлем тек банк арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізіледі және келісімшарт міндетті түрде ақпараттық жүйеде тіркелуі керек.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар