Тik-Тok әлеуметтік желісінде жалған жарнамалар жариялаған қылмыстық топ ұсталды
- авторОймақ
- 9 қыркүйек, 2025
- 535
Павлодар облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.
Тергеу мәліметінше, 1 маусымнан 10 шілдеге дейін күдіктілер Тik-Тok әлеуметтік желісінде жалған жарнамалар жариялап келген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары анықталды. Олар – Павлодар қаласының 17 және 19 жастағы үш тұрғыны. Жастар әлеуметтік желі арқылы ұялы телефондарды сату жөнінде хат алмасулар жүргізіп, алданған азаматтардың қаражатын дропперлердің есепшоттарына аудартып отырған.
Қазіргі таңда олардың әрекетінен еліміздің әр өңірінде тұратын 18 жәбірленушіге залал келгені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар бұлтартпау шарасы ретінде келу міндеттемесін алды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлап әкетіп, үйін тартып алмақ болған
- авторОймақ
- 29 сәуір, 2026
Асаубаеваның анасы қызына бөлінген ақша туралы қауесетке нүкте қойды
- авторОймақ
- 29 сәуір, 2026






