жұма, 5 қыркүйек, 2025 0:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мөлдір Мұқан тағы бір әнін көпшілікке ұсынды

Мөлдір Мұқан тағы бір әнін көпшілікке ұсынды
instagram.com/moldir.mt
Бұл жолы да әнші Амантай Әбенмен дуэт орындаған.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан тағы бір әнін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Өнер иесі бұл жолы да жас әнші Амантай Әбенмен бірге тағы бір ән шырқаған.

Ал екеуі орындаған туындыны Мөлдірдің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Мөлдір Мұқанның айтуынша, жаңа әнінің аты – «Ақ бұлт».

Достар, жаңа әнді назарларыңызға ұсынамыз. Атауы – «Ақ бұлт», - деді өнер иесі.

Сонымен қатар бұл қоржындарындағы үшінші ән екенін алға тартты.

Ұнатқандар саны көп болып, ақ тілектерін жаудырып жатыр. Қоржынымызда үш ән. Өздеріңіз айтқандай, концерттің ауылы алыс емес, - деп қосты ол.

Ал тыңдарман пікірі екіге бөлінген. Бірі әншілерге қолдау білдірсе, екіншісі олардың әрекетін сынаған:

«Керемет! Өнеріңіз өрлей берсін! Бұйыртса, үлкен концерттеріңізде кездесейік!», «Өсе беріңдер»!

«Не айтып отырғанын өздері түсіне ме?», «Не ән мынау?», «Екеуі білгенін істеп жүр», «Дым мән-мағынасы жоқ ән екен», «Түк жараспайды, шынайы емес, өзінше Тұрсынбекке ерегесіп істеп отыр ғой, күлкілі», «Мағынасыз әндерді айта беруден шаршамадыңдар ма», - деп жазды желі қолданушылары.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар