
2020 жылы «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден босады.
Бұл ақпаратты Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.
«Бұл адам сот үкіміне сай қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген. Соттың шешімімен ол рақымшылыққа ілініп, босап шықты», - деп растады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Дереккөз қандай да бір сотталған адамның рақымшылыққа іліну-ілінбеуін сот шешеді дегенді алға тартып отыр.
«Бұдан өзге айтарымыз, рақымшылыққа ілінген бұл адам пробация қызметінің есебіне алынды», - деп хабарлайды ҚАЖК баспасөз қызметі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.