жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Украиналықтар дрон зауытына шабуыл жасады

Украиналықтар дрон зауытына шабуыл жасады
Украина әскерилері белгісіз маркадағы дронмен Ресейдің Татарстан жеріндегі заытқа шабуыл жасады. Әзірге зауыттың жанындағы жатақхана зақымданғаны айтылып жатыр. Дрон өндіретін зауытқа не болғаны белгісіз.

Кейбір ақпарат көздері шабуыл Татарстанның «Алабуға» экономикалық аймағындағы  ирандық «Шахед»  дронын құрастыратын зауытқа бағытталғанын айтады.  Дегенмен бұл дерек әзірге нақтылана қойған жоқ. Өйткені бұл экономикалық аймақта  көптеген азуыттар бар. Соның ішінде  дрон құрастыратыны да орналасқан.

Бір атап өтер жайт экономикалық аймақ  Украина шекарасынан 1250  шақырым қашықта орналасқан. Шабуылға екі дрон қатысқаны  айтылып жатыр. Дегенмен нақты  ұшқышсыз ұшу аппараты ма, жоқ әлде пилот отырмаса да ұша беретін қылып жетілдірілген дрон-ұшақ па белгісіз. Украиналық әскери сарапшы  Иан Матвеев техниканың сырт келбетіне қарап Cessna немесе А-22  ұшағы  болуы мүмкін екенін айтты. Бұлардың біреуі америкалық ұшақ болса, екіншісі  украиналық техника. Әрі бұларды  пилотсыз ұшатын апппарат ретінде қолдану  тәжірибесі бар. Тіпті Әзербайжан қарулы күштері 2020 жылғы Қарабақ соғысында Ан-2  ұшақтарын да ұшқышсыз ұшырған кездері болған. Сондықтан  зауытқа соққы берген техниканың ұшақ болу ықтималдығын  сарапшылар жоққа шығармайды. Ал Украина  тарапы қолдарында 1000 шақырымнан астам қашықтыққа  ұшатын  дрон бар екенін күні бүгінге дейін ешкімге  білдірмеген еді. Егер  осындай алысқа ұшатын дрон жасау мүмкіндігіне ие болса,  онда Киев Ресейдің  ішкі аймақтарына біршама сұғынып, соққы жасауы мүмкін.

«Бәлкім жеңіл ұшақтарды алыстан басқарылатын етіп жабдықтап, нысанаға бағыттап жіберген болуы мүмкін. Бұл техниканы ң не екенін ресейліктер аппарат қалдықтарының  фотосын  жариялағанк езде анықтаймыз»,-дейді Иан Матвеев.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар