Ақын Тоқтарәлі Таңжарық қарияның белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқаған: полиция оны құтқарып қалды
- авторОймақ
- Бүгін, 10:11
- 27

Белгілі ақын Тоқтарәлі Таңжарық қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Күдіктенген ол дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың әрекетін тоқтатты.
Осылайша, қала тұрғынының қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында телефон алаяқтарына тосқауыл қойылып, қарияға көмек көрсетілді.
Жағдайды толық анықтау үшін қария полиция бөліміне жеткізілді. Ал оқиғаға бейжай қарамаған қала тұрғынына тәртіп сақшылары қырағылығы үшін алғыс білдірді.
«Сақшылар мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажеттігін еске салды. Қырағылық пен уақытылы әрекет ету – алаяқтардан қорғанудың басты жолы», – делінген полиция хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Алматыда өткен той футбол мерекесіне айналды
Ұқсас жаңалықтар
Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның тағы бір видеосы жарияланды
- авторОймақ
- 26 тамыз, 2025