"Ата-енеммен бірге тұрғым келеді деп айтатынмын": Майғазиевтің жары сұхбат берді
- авторОймақ
- 25 тамыз, 2025
- 37

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева мен келіні Әдия алғаш рет журналист Ләйлә Сұлтанқызына ашық сұхбат берді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме барысында Динара Майғазиева ұлы мен келінінің бөлек шығу мәселесіне қатысты ойын ортаға салды.
"Бұл жайлы әкесі екеуміз талай рет сөйлескенбіз. Ойланудың қажеті де жоқ. Балалар оқимыз, дамимыз десе, Америкаға да жіберуге дайынбыз. Өз еріктеріне қалдырдық. Сәкен екеуміз де жаспыз, балаларымыз кішкентай. Бөлек шығамыз десе өз қалаулары. Бірақ түптің түбіне келгенде бізбен бірге тұрады. Қартайғанда бізді қарайды", – деді ол.
Ал жас келін Әдия өзінің отбасы жайлы көзқарасын білдіріп, бөлек тұруды ойламайтынын жеткізді.
"Менің әу бастан-ақ ниетім осындай болған. Ата-енеммен бірге тұрғым келеді деп айтатынмын. Біздің үйде адам аз болғандықтан, үй тып-тыныш болады. Ол маған ұнамайтын. Әпкем, мен және інім үшеуміз ғана. Маған көп адам болып бір дастарқан басында тамақ ішкен, шай ішкен ұнайды. Сондықтан ешқайда кеткім келмейді", – деді Әдия.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.