сейсенбі, 19 тамыз, 2025 11:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Семейде мұраға қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілі сотқа жүгінді

Семейде мұраға қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілі сотқа жүгінді
Фото: freepik.com
Семейде мұраға қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілі сотқа жүгінді

Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тұрғынның мұрагерлік мүлікті бөлу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды. Бұл дауда сот апалы-сіңлі қыздарды татуластырды. Нәтижесінде екеуінің арасында медиативтік келісім жасалды – бірі пәтерге ие болады, екіншісі өтемақы алады. 

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылы тараптардың анасы қайтыс болған. Кейін апалы-сіңлі Е. мен М. анасының пәтерін мұрагерлікке қабылдаған. Е. бірнеше рет М-ға пәтерді сатып, одан түскен ақшаны бөлісуді ұсынған, алайда М. бұл ұсыныстарға жауап бермеген. Осы уақыт ішінде пәтердің барлық шығынын (жөндеу жұмыстары, коммуналдық төлемдер, ПИК жарналары) Е. көтерген.

"Жауапкердің пәтерді пайдаланбайтынын және оны сақтауға айтарлықтай қызығушылық танытпайтынын ескеріп, талап қоюшы пәтердегі М-ның үлесін өзіне беруді, оның нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы төлеуді, сондай-ақ пәтерді күтіп-ұстауға кеткен шығындардың жартысын өндіруді сұрап, сотқа жүгінді. Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдады. Нәтижесінде олардың арасында медиативтік келісім жасалып, бекітілді", – делінген сот хабарламасында.

Сот мәліметінше, келісім шарттарына сәйкес, пәтердегі М-ның үлесі Е-ге өтеді, ал Е. М-ға пәтерді күтіп-ұстауға кеткен шығындарды шегере отырып, ақшалай өтемақы төлейді. Сондай-ақ келісімде Е. М-ға марқұм аналарына тиесілі және пәтерде тұрған жиһаз бен кеңсе техникасын қайтаруға міндеттенетіні көзделген.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар