Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады.
Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болған.
Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.