бейсенбі, 7 тамыз, 2025 17:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үшем дүниеге келді

Үшем дүниеге келді
Фото: ernur.kz
56 күн бойы сәбилер мен олардың 39 жастағы анасы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем мен күтімді алды.

2025 жылдың 11 маусым күні Шымкент қалалық перзентханасында үшем – бір қыз және екі ұл бала – дүниеге келді. Жүктіліктің 31-ші аптасында жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің салмағы: 975 грамм, 1765 грамм және 1920 грамм болды. Олар бірнеше минут айырмашылықпен туылды. 56 күн бойы сәбилер мен олардың 39 жастағы анасы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем мен күтімді алды. Қазіргі уақытта балалардың да, ананың да жағдайы жақсы, үйлеріне шығарылды. Үшемдерді дүниеге әкелген – Шымкент қаласының тұрғыны Якубова Фатима Шамсутдиновна. Бұл – оның екінші босануы. Нәрестелерге есімді олардың ата-әжесі қойған. Қыз бала – Мерием, ұл балалар – Расул мен Гамзат деп аталады. Бүгінде үшемдердің салмағы: 2050 г, 2950 г және 3400 г-ға жетті. Фатима мен жұбайы Зухрейдин енді төрт баланың ата-анасы атанды. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 15 793 сәби дүниеге келген.

• Қыз балалар – 7726

• Ұл балалар – 8067

• Егіздер (двойня) – 180 жағдай Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласындағы ана мен бала денсаулығына жасалған медициналық көмектің нәтижелі екенін көрсетеді.
 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар