Соңғы сәтсіз нәтижелерге байланысты «Тұран» футбол клубының бапкерлік штабында өзгерістер болды.
«Тұран» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бас бапкер Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянц қызметінен кетті.
Түркістандық клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында келеді.
Бірінші лигаға түсіп қалу қаупі төнген команда өткен турда Талдықорғанда «Жетісудан» 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Түркістандықтар келесі ойынын 9 тамызда Атырауда жергілікті клубпен өткізеді. «Атырау» 9 ұпаймен көш соңында келеді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Үшем дүниеге келді
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
"Ақордаға барасыңдар деген кезде қатты қуандым": Алуа өзін бақытты сезінгенін айтты
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2025