сәрсенбі, 30 шілде, 2025 7:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына түсті

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына түсті
фото: ашық дереккөз
UFC чемпионы Шавкат Рахмонов Әбу-Дабиде жүрген кезінде қайғылы жағдай болып отыр.

Оның жұбайы Гүлайым мен кішкентай ұлы ауыр жол апатына түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін таңертең UFC-тің танымал жекпе-жек жауынгері Шавкат Рахмоновтың жары жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан көліктегі жолаушылар қаза тапты. Апат Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.

Бірнеше БАҚ-тың мәліметінше, Гүлайым Рахмонова ұлымен және құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға бара жатқан. Ол тізгіндеген Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі Алматы – Екатеринбург тас жолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылына жақын маңда аударылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Апат салдарынан оқиға орнында 39 жастағы жолаушы көз жұмды. Тағы бір жолаушы – 35 жастағы әйел Мойынқұм аудандық ауруханасына жетер жолда көз жұмған.

Гүлайым Рахмонова мен 2022 жылы туған ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр.

– Ота қажет емес. Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деп хабарлады аурухана өкілдері.

Полиция жол жүру ережелерін бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар