сәрсенбі, 30 шілде, 2025 10:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада тағы 15 мектеп ашылады

Астанада тағы 15 мектеп ашылады
Фото: gov.kz
Астанадағы жайлы мектептердің жалпы саны 24-ке жетеді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан ашылатын мектептер жайлы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қаланың даму барысында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше назар аударамыз. Өткен оқу жылында рекордты көлемде оқу орындары салынды. Атап айтқанда, 24 мектеп пайдалануға беріліп, 66 мың оқушыға арналған орын (екі ауысымды) ашылды. Сол 24 мектептің 16-сы – жайлы мектеп. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярмен және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге жайлы мектептердің салыну барысымен таныстық. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасады. Жаңа оқу жылы ішінде тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оның 7-еуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл жайлы мектептер 28 мың оқушыға арналған орын (екі ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 4 үш ауысымды және 7 шамадан тыс толы мектептің проблемасы шешіледі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Астанадағы жайлы мектептердің жалпы саны 24-ке жетеді. Сонымен қатар  қалада балабақшалар, оқушылар сарайы және өзге де әлеуметтік нысандар салынып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар