сенбі, 26 шілде, 2025 13:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әйгерім Алтынбек Италияда өткен байқаудың финалына өтті

Әйгерім Алтынбек Италияда өткен байқаудың финалына өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Аталған байқау 2025 жылдың 22-27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр.

Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Аталған байқау 2025 жылдың 22-27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр.

CLIP байқауы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 32 жасқа дейінгі опера әншілері үшін ең беделді халықаралық додалардың біріне айналды. Қазылар алқасының құрамында Милан қаласындағы «La Scala», Монте-Карлодағы Опера, Буэнос-Айрестегі Колон театры, Мадридтегі Король театры, Висбаден мемлекеттік театры сынды танымал театр басшылары бар.

Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтеді. Ең әуелі қатысушылар алдын ала тыңдаудан өтеді. Кейін оркестрдің сүйемелдеуімен Piazzetta di Portofino деп аталатын Портофиноның орталық алаңында өтетін финалға қатысады. Бұл іс-шара гала-концертпен аяқталады.

Әйгерім Алтынбек әлемнің 50-ге жуық елінен келген 92 қатысушыны басып озып, классикалық вокал өнерінде Қазақстанның орнын айшықтап берді.

Айта кетейік, Әйгерім Алтынбек көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Бұған дейін ол Италияда өткен опера әншілері байқауының жеңімпаздары қатарынан көрініп, Модена қаласында (Италия) өткен Николай Гяуров атындағы халықаралық опера байқауында үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар ол әйгілі Италья опера әншісі Мирелла Френи атындағы арнайы марапатты жеңіп алды. Сонымен қатар әнші әйгілі «Ла Скала» театрының жастар бағдарламасына қатысты және алдағы екі жыл бойы сол жерде білім алады. Ал маусым айында ол әлемдік опера жұлдыздары Хосе Каррерас және Андреа Бочеллимен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар