сейсенбі, 22 шілде, 2025 0:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"BaiQymyz": Саржал ауылы бас жүлдені жеңіп алды

"BaiQymyz": Саржал ауылы бас жүлдені жеңіп алды
Абай облысының әкімдігі
«BaiQymyz» жобасы – қымыз ішу мәдениетін қайта жаңғыртуды, фермерлік шаруашылықты дамытуды және жергілікті брендтерді ілгерілетуді мақсат етеді.

Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған "BaiQymyz" гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бірінші орын иегері атанған «Жаныс» шаруа қожалығына 20 000 000 теңге сыйақы берілді. Ал екінші орынды иеленген Қарқаралының «Қарынши» шаруақожалығына 15 000 000 тг табыс етілді. Үшінші орынды «Қымызынай» қымызы ұтып алды. Жеңімпаздарға 10 000 000 тг табысталды.

Фестивальдің алғашқы күнінде, елордада жаңа рекорд тіркелді – еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға 30 тоннадан астам қымыз әкелді. Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда бұрын-соңды өткізілмеген.

«BaiQymyz» фестиваліне еліміздің әр өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып жатыр.

Әрқайсысы 500 литрден астам қымызын алып келіп, қонақтарға ұсынып, баптау тәсілдерінің ерекшеліктері туралы айтып беруді. Осылайша, бұл жоба ұлттық дәстүрді ұлықтайтын мәдени оқиға ғана емес, ел көлеміндегі рекордтық көрсеткішке айналды.

Айта кетейік, фестиваль 19-20 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» атшабарында өтті. Қымыздан дәм татумен қатар, келушілер ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, фольклорлық өнерді тамашалап, қолөнер жәрмеңкесін аралап, концерттер мен жылқы көрмесіне қатысты.

«BaiQymyz» жобасы – қымыз ішу мәдениетін қайта жаңғыртуды, фермерлік шаруашылықты дамытуды және жергілікті брендтерді ілгерілетуді мақсат етеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар