елдегі аймақтарда зардап шеккендерге көмек жинау пункттеріне 20000 волонтер жұмылдырылды
Жалпы, елдегі аймақтарда зардап шеккендерге көмек жинау пункттеріне 20 000 волонтер жұмылдырылды. Соңғы ақпарат бойынша 12 701 адам, оның ішінде 4 728 бала эвакуацияланды. Уақытша қоныстану пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар. Төтенше жағдай басталғаннан бері 4,2 млн м³-тан астам еріген су сорылды.
Зардап шеккендерге көмек көрсетіп, волонтерлерді бөлуді үйлестіру үшін бірыңғай байланыс нөмірі +7 708 706 4242 жұмыс істеп тұр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.