жексенбі, 20 шілде, 2025 3:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның алғашқы дрон сайысынан чемпионаты өтті

Қазақстанның алғашқы дрон сайысынан чемпионаты өтті
Фото: Baq.kz
Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының базасында дрон сайысынан Қазақстанның алғашқы ашық чемпионаты өтті. Оны өткізуге еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Satbayev University бастамашы болды

Жарысқа бес аймақтан 14 ұшқыш, оның ішінде күш құрылымдарының өкілдері қатысты. Бұл отандық дрон спорты үшін маңызды оқиға болды, алғаш рет бір алаңда кәсіпқойларды да, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың әуесқойларын да біріктірді. Сайысқа қатысушылар арнайы дайындалған тас жолда дрон басқарудағы жоғары жылдамдықты, дәлдікті және техникалық шеберлікті көрсетті.

Күштік ведомстволар арасында командалық есепте Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Құрлық әскерлерінің өкілдері иеленсе, ал Астанадан келген 68665 әскери бөлімінің командасы үшінші тұғырдан көрінді.

Мұндай чемпионат өткізу – Қазақстанда жоғары технологиялық спорт түрлерін дамытудағы маңызды қадам. Ол әскери және азаматтық құрылымдардағы кәсіби дайындық пен бәсекелестік тәжірибенің элементі ретінде дрон сайысты интеграциялау перспективаларын көрсетті, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер қызметінің бастығы подполковник Серік Қалтарбаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар