
Елде резонанс тудырған іс бойынша бүгін үкім оқылып, экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға бас бостандығынан айырылды , – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот оны бұрынғы жұбайы Карина Госманға жүйелі түрде қорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Процесс жәбірленушінің өтінішімен жартылай жабық режимде өтті. Мамашқа тағылған айыптар мен сотта айтылған жантүршігерлік деректер қоғамды елең еткізді.
Бүгін таңертең Карина Госман мен оның адвокаты сот залына келді, бірақ журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.
Сот үкімі күшіне енген соң Сәкен Мамаш қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жөнелтіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.