
Бүгінгі сот отырысында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты істі қарау уақытша жабық режимге көшірілетіні жарияланды. Бұл шешім сот отырысы барысында қабылданды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Отырыс БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз жалғасуда. Одан кейінгі формат туралы шешімді судья Каримов жариялайтын болады.
«Залда тек қана процеске қатысушылар қалады. Жазбаны өшіріңіздер. Сот отырысының залынан онлайн трансляцияға қосылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздер ажыратылатын боласыздар. Сот жабық сот отырысына көшеді», — деді төрағалық етуші судья Каримов.
Жабық режимге көшу себептері айтылған жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264204-perizat-qairattyn-soty-zabyq-rezimge-kosti
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.