Алматы әкімі Дженнифер Лопестің концерті өтетін Орталық стадионның жай-күйін тексерді
- авторОймақ
- Бүгін, 12:34
- 19

Спорт нысанын аралау барысында әкімге стадионның жеңіл атлетика инфрақұрылымын сақтай отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды қажет ететіні баяндалды. Аренаға бұрын 35 мыңға дейін көрермен сиятын. Бүгінде оның қуаттылығы 23 мың. Сонымен қатар стадион мен көршілес ірі нысандар Әуезов атындағы драма театры мен Қазақ мемлекеттік циркі арасындағы жаяу жүргіншілер қатынасы бұзылып, көліктің қолжетімділігіне де, қала ортасының қауіпсіздігіне де әсер етеді.
"Орталық стадионды ретке келтіру керек. Санитарлық тораптардан бастап, стадион айналасындағы жаяу жүргіншілер жолына дейін барлығын қайта жасау қажет. Бұл маңызды мемлекеттік нысан және ол заманауи талаптарға сай, тұрғындарға ыңғайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді болуы керек", - деді Алматы әкімі.
Қала басшысы билет операторларымен толық интеграцияны қамтамасыз ете отырып, Орталық стадионда билеттерді есепке алудың цифрлық жүйесін енгізуді тапсырды.
Дархан Сатыбалды Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын да аралап көрді. Мұнда мәнерлеп сырғанау және хоккей жаттығулары, сондай-ақ түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Қала әкімі мұз аренасынан бастап киім ауыстыратын бөлмелер мен жаттығу залдарына дейін жоғары сапалы жағдайды сақтау қажеттігіне назар аударды.
Әкім спорт саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында да болды. Мұнда олимпиадалық спорттың 19 түрінен ұлттық және қалалық командаға арналған спорттық резерв дайындалады. Ғимарат 1935 жылы салынған және бүгінде түбегейлі жөндеуді қажет етеді.
Техникалық жай-күйі мен сейсмикалық төзімділігін зерттеу қорытындысы бойынша бұрыннан бар ғимараттарды бұзып, жаңасын салу туралы шешім қабылданды. Жоба мемлекеттік сараптама сатысында. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы күзде басталмақ. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі спортпен шұғылдану үшін қауіпсіз жағдайды сақтай отырып, жобалау және құрылыс процестерін жеделдетуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.