сәрсенбі, 16 шілде, 2025 23:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

1 жасар сәби болт жұтып қойып, есінен танып қалды

1 жасар сәби болт жұтып қойып, есінен танып қалды
Фото: pixabay.com
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданына қарасты Усть-Таловка ауылында дәрігерлер бір жасар баланы жедел түрде құтқарып қалды. Бала темір болтқа тұншығып қалған.

Сәбидің әкесі 103 қызметіне қоңырау шалып, ұлының тұншығып, көгеріп кеткенін айтқан.

Жедел жәрдемнің келуін күту баланың өміріне қауіп төндірген. Сол сәттерде уақытты зая кетірмеу үшін фельдшер Галина Гречаник телефон арқылы баланың әкесіне алғашқы көмек көрсетудің жолдарын түсіндірген.

Дәрігерлер келгенге дейін әкесі баланың тыныс жолынан болтты алып үлгерген. Бірақ сәби ес-түссіз күйде жатқан.

Оқиға орнына келген фельдшер бірден жүрек пен өкпені қалпына келтіру шараларын бастаған. Төртінші минутта баланың тыныс алуы қалпына келген.

Бала шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, ол жалпы бөлімге ауыстырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар