дүйсенбі, 30 маусым, 2025 21:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аягөздік әскери қызметші мен ата-анасы жол апатынан қаза тапты

Аягөздік әскери қызметші мен ата-анасы жол апатынан қаза тапты
Сурет: gov.kz
Бұл туралы ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Абай облысы Аягөз гарнизонының бір әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі мен оның ата-анасы 28 маусым күні демалыстан қайтып келе жатқан кезде жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады  Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Құрлық әскерлері қолбасшылығы зор күйзеліспен 2025 жылғы 28 маусымда орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан Аягөз гарнизонының бір әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі және оны демалыстан қайтар жолда бірге ертіп келе жатқан ата-анасы қаза тапқанын хабарлайды», – делінген хабарламада.

Ведомство қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтты.

“Қайғылы оқиға бойынша құзырлы органдар қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Құрлық әскерлері қолбасшылығы қаза болғандардың денелерін тұрғылықты жеріне жеткізу үшін әскери ұшақты тарта отырып, тасымалдауды ұйымдастырады. Құрлық әскерлері қолбасшылығы тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады», – делінген ведомство ақпаратында.

 Абай облыстық полиция департаментінің нақтылауынша, қаза тапқандар төртеу.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Lumiere маркалы автокөліктің 62 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Lumiere көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды», – деп хабарлады полиция.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар