дүйсенбі, 30 маусым, 2025 16:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы Қазақстан Республикасының көлік министрі болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін Сауранбаев 2021 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Ал  бұрынғы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев президенттің 2025 жылғы 8 маусымдағы жарлығымен қызметінен босатылды. Осы жылдың 14 мамырында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының дамуына қатысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қарабаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Мемлекет басшысы шекарадағы жүк өткізу мәселелері, өткізу бекеттерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы мен ірі инфрақұрылымдық транзиттік жобалардың кестеден кешігіп жатқанын атап өткен еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар