
Мұндай тосын жайт ғалымдарды да толғандырып отыр. Қар жауғаны жайлы сол елдегі обсерваторияның хабарламасында айтылған. Мұны ТАСС басылымы кеңінен жазды.
– Әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлінде қар жауып жатыр! – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мәтінмен қоса видеокадрлар да жарияланған. Белгілі болғандай, табиғаттың мұндай тосын мінезі бұл өңірде соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген екен. Демек, бұл – өте сирек кездесетін құбылыстың бірі. Еске салайық, Атакама – таудың ең биік шоқысында орналасқан шөл. Ол жерде ылғал өте сирек түседі, сол себепті шөл обсератория салуға және ғарышты бақылауға өте қолайлы саналады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаһандық жылыну: Ұйқы кезінде тыныстың тоқтап қалу жағдайларын арттырып жатыр
- авторОймақ
- 25 маусым, 2025
Жаңа қан тобы ресми түрде жарияланды: Жер бетінде тек бір ғана адамда бар.
- авторОймақ
- 25 маусым, 2025