Қырғызстан азаматтары Израильдегі жоғары қауіп-қатер аймағынан сәтті эвакуацияланды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қырғыз Республикасының азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ келіп түскен өтініштерге байланысты Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түркия, Қазақстан және Сауд Арабиясындағы Қырғызстан елшіліктерімен, сондай-ақ Герцлия (Израиль) және Шымкент (Қазақстан) қалаларындағы Қырғызстанның құрметті консулдарымен тығыз ынтымақтастықта шұғыл эвакуациялық шаралар кешенін жүзеге асырды.
Үйлесімді әрекеттер нәтижесінде 11 Қырғызстан азаматы Израильден Мысырға сәтті эвакуацияланып, сол жерден Қазақстанның Шымкент қаласына аман-есен жетіп, кейін Қырғызстанға жеткізілді.
Министрлік Мысыр Араб Республикасы басшылығына және құзырлы органдарына транзиттік бағытты ұйымдастыруға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғыс білдіреді.
Сондай-ақ гуманитарлық миссияның сәтті жүзеге асырылуына ықпал еткен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне ерекше ризашылығын жеткізді.
Бұдан бұрын грек дипломаттары Әзербайжанның көмегімен Ираннан эвакуацияланғанын жазған едік.
Сонымен қатар 20 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.
h
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әлемдегі ең құрғақ шөлде таңғажайып оқиға тіркелді
Ұқсас жаңалықтар
Жаһандық жылыну: Ұйқы кезінде тыныстың тоқтап қалу жағдайларын арттырып жатыр
- авторОймақ
- 25 маусым, 2025
Жаңа қан тобы ресми түрде жарияланды: Жер бетінде тек бір ғана адамда бар.
- авторОймақ
- 25 маусым, 2025