Үкімет су тасқынына қатысты шығынды өтеу тетіктері мен қаржыландыру көздерін талқылады
- авторОймақ
- 31 наурыз, 2024
- 319
Үкіметте су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
Штаб жұмысы аясында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінде көзделгенін баяндады.
Залалдың алдын ала мөлшерін жергілікті атқарушы орган, өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрліктері айқындайтын болады.
Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру үкіметтің резервінен қарастырылады.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.
материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
2.
жергілікті атқарушы органға өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастыратын болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.