жұма, 27 маусым, 2025 0:51

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қағбаның жамылғысы жаңасына ауыстырылды

Қағбаның жамылғысы жаңасына ауыстырылды
Фото: aa.com.tr
Жаңа жамылғыны тігуге шамамен 825 келі таза жібек, 180 келі алтын мен күміс жұмсалған.

Сауд Арабиясы хижра бойынша 1447 жылдың басталуына орай қағбаның жамылғысын жаңартты. Бұл жұмыстарды 154 маманнан құралған арнайы топ жүзеге асырды. Сауд Арабиясының әл-Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінің (әл-Мәдинадағы әл-Нәбәуи мешіті) істері жөніндегі бас басқарма мәлім еткендей, Қағбаның жамылғысы 25 маусым күні кешке жаңасына ауыстырылды. Жамылғыны ауыстыру процесі бірнеше сағатқа созылып, жалпы салмағы 1415 келі болатын 47 бөлек элемент пайдаланылды. Ескі қисуа зәмзәм суымен жуылып, кейін ислам елдеріндегі мұражайларға көрме ретінде жіберіледі. Жамылғыда Қасиетті Құран аяттары алтын және күміс жіптермен кестеленген. Қағбаның жамылғысы Меккеде орналасқан Патша Абдулазиз атындағы қисуа өндіру кешенінде тігіледі. Бұл кешенде шамамен 200 шебер мен әкімшілік қызметкері жұмыс істейді. Онда ұзындығы 16 метр болатын әлемдегі ең үлкен компьютерлендірілген тігін машинасы орнатылған. Бұрын Сауд Арабиясы Қағбаның қисуасын Зүл-хижжа айының 9-күні, яғни Арафа күнінде ауыстыратын. Алайда 2022 жылдан бастап бұл дәстүр өзгертіліп, мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталатын Мухаррам айының бірінші күні жаңарту дәстүрге айналып келеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар