бейсенбі, 19 маусым, 2025 19:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

QyzPU жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингіне енді

QyzPU жаһандық Times Higher Education Impact Rankings 2025 рейтингіне енді
фото QyzPU баспасөз қызметі
Бұл – университет ұжымының ерен еңбегінің жарқын көрінісі.

 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлемдік беделге ие Times Higher Education Impact Rankings 2025 жаһандық рейтингіне үшінші жыл қатарынан енді. Бұл рейтинг – жоғары оқу орындарының Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 Тұрақты даму мақсатына қосқан үлесін бағалайтын маңызды көрсеткіш.

Университеттің бұл тізімге енуі – білім беру, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалғанының  айғағы.

2025 жылғы рейтингке әлемнің 2526 жоғары оқу орны қатысып, университеттер арасындағы бәсекелестік айтарлықтай артты (салыстыру үшін: 2024 жылы – 1963 ЖОО). Университеттер арасындағы бәсекелестік күшейгеніне қарамастан, QyzPU 1501+ деңгейіндегі орнын сақтап қалды. Бұл — оқу орнының ұзақмерзімді стратегиялық даму жоспарының тиімділігін және тұрақтылыққа бағытталған қадамдарының нәтижелілігін айғақтайды.

Университет БҰҰ-ның барлық 17 Тұрақты даму мақсаты бойынша бағаланып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: кедейлікті жою – 1001+ орын, аштықты жою – 801+ орын, жақсы денсаулық пен әл-ауқат – 1001–1500 орын, сапалы білім беру – 1001–1500 орын, гендерлік теңдік – 301–400 орын, таза су және санитария – 801–1000 орын, қымбат емес және таза энергия – 1001+ орын, лайықты жұмыс және экономикалық өсу – 1001+ орын, индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым – 1001+ орын, теңсіздікті азайту – 801–1000 орын, тұрақты қалалар және елді мекендер – 801–1000 орын, жауапты тұтыну және өндіріс – 801+ орын, климаттың өзгеруімен күрес – 1001+ орын, теңіз экожүйелерін сақтау – 601+ орын, құрлықтағы тіршілік – 601–800 орын, бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар – 1001+ орын, тұрақты даму үшін серіктестік – 1501+ орын.

QyzPU тұрақты даму саласындағы бастамаларды жүзеге асыруда және әлеуметтік әділеттілік пен экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі мен білім беру бағдарламалары осы маңызды бағыттарды қамти отырып, қоғамның орнықты дамуына маңызды үлес қосуда.

Айта кетейік, Times Higher Education Impact Rankings – жоғары оқу орындарының жаһандық деңгейде ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесін кешенді түрде бағалайтын халықаралық рейтинг. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аталмыш рейтингке енуі – университет ұжымының ерен еңбегінің жарқын көрінісі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар