Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жықты
- авторОймақ
- 18 маусым, 2025
- 135

Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. Жолаушы ретінде автобусқа отырған кәмелетке толмаған бозбала жол ақысын төлеуден бас тартып, бірге болған достарымен жүргізушіні соққыға жыққан.
Оқиға 12 маусым күні Шымкент қаласындағы Бекжан базары маңында №52 бағыттағы автобуста болған. 34 жастағы жүргізуші Максат Жолаевтың айтуынша, ол жасөспірімнен жол ақысын төлеуді сұраған, алайда бозбала оған балағат сөздер айтып, автобустан түсуін талап еткен. Көліктен түскен соң, көшеде жасөспірім қасындағы екі серігімен бірге жүргізушіге шабуыл жасаған.
— Түссем, үш бала күтіп тұр екен. Біреуі басыма балғамен ұрды. Екіншісінің қолында кастет болды. Бетіме соққы беріп, бетім жыртылып кетті. Сосын есімді жоғалттым. Одан кейін не болғанын білмеймін, — дейді Максат Жолаев.
Жүргізуші есінен танып қалған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деп бағаланып, жалпы палатаға ауыстырылды.
Полиция күдікті 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Сот оны екі айға қамауға алу жөнінде санкция берді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Исрайл Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторОймақ
- 18 шілде, 2025
FIDE World Cup 2025: Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады
- авторОймақ
- 16 шілде, 2025