жексенбі, 15 маусым, 2025 17:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иран Израильге қарсы зымыран соққыларының жаңа легін бастады

Иран Израильге қарсы зымыран соққыларының жаңа легін бастады
Фото: ru.irna.ir
Иран Израильге қарсы зымыран соққыларының жаңа легін бастады

 Батыс ақпарат агенттіктерінің Иран телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Тегеран Израильге қарай жаңа зымыран соққыларының легін іске қосты, деп жазады BBC.

Сонымен қатар, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ел аумағына қарай ұшып келе жатқан зымырандарды анықтағанын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылғанын мәлімдеді. Азаматтарға паналау орындарына түсу және қосымша бұйрықтар болғанша сол жерде қалу туралы ескерту жасалды.

Кейін ЦАХАЛ Иран тарапынан «бірнеше ондаған зымыран» атылғанын нақтылады.

– Олардың кейбірі қағылып, жойылды. Қазіргі уақытта құтқару қызметтері снарядтар түсуі мүмкін елді мекендерде жұмыс жүргізіп жатыр, – деді Израиль әскери өкілдері.

Жұмаға қараған түні IRNA ақпарат агенттігі ирандық зымырандардың Тель-Авив орталығына жеткенін хабарлады.

ЦАХАЛ-дың бағалауынша, бұған дейінгі шабуылдар кезінде Иран Израильге 100-ге жетпейтін зымыран атқан.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар