
АҚШ-та судья Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсомның Лос-Анджелестегі наразылықтарды басу үшін әскерилерді пайдалануға тыйым салу туралы шұғыл өтінішін қанағаттандырмады.
Сан-Францисконың Округтік сотының аға судьясы Чарльз Брейер Ньюсомның өтініші бойынша шешім шығарып, президент Дональд Трамптың нұсқауымен Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскерін енгізуге байланысты мәселені қарастырды. Бұл шаралар заңсыз мигранттарды қолдаған демонстрацияларды басу мақсатында қабылданған еді.
Брейердің айтуынша, Трамп әкімшілігі, АҚШ Қорғаныс министрлігі және ведомство басшысы Пит Хегсет өз ұстанымдарын ұсыну үшін қосымша уақыт сұраған. Оларға осы мүмкіндік беріліп, соның негізінде судья Ньюсомның шұғыл өтінішін қабылдамай тастады.
Іс бойынша негізгі сот отырысы ертеңге белгіленді.
Бұған дейін Ньюсом Трамп әкімшілігін әскерилерді федералдық құқық қорғау күші ретінде пайдаланды деп айыптап, бұл АҚШ заңнамасы шеңберінен тыс әрекет екенін айтқан. Ол сот арқылы әскерилердің штатта қолданылуын дереу тоқтатуды талап еткен болатын.
Осы уақытта Лос-Анджелесте АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметі (ICE) ұстаған заңсыз мигранттарды қолдауға арналған наразылықтар жалғасуда. Трамп әкімшілігі бұл шерулерге қатаң жауап қайтарды.
Наразылықтар кезінде ондаған адам ұсталып, полициямен қақтығыстар орын алды, бірнеше автокөлік өртеніп, істен шықты.
Президент Трамп алдымен Лос-Анджелеске 2 мың Ұлттық гвардия сарбазын жіберіп, кейін тағы 2 мың гвардияшы мен 700 теңіз жаяу әскерін қосымша жіберетінін мәлімдеді.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемдеmalim.kzсайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.