жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Семіз қабан": Сот Нүкенованың ағасына ескерту жасады

"Семіз қабан": Сот Нүкенованың ағасына ескерту жасады
Фото: видеодан скриншот
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында айыпталушының адвокаттары Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге бірқатар сұрақ қойып, оны ашуландырды.

Сотта сөз алған Айтбек Амангелді соққыға жығылған Салтанат Нүкенованың суреттерін көрсеткенде, айыпталушының адвокаттары бұл ситуацияны ағасының қалай қабылдағанын нақтыламақ болды.

"Сізге жазған хаттарында қарындасыңыз үнемі Қуандықты қатты жақсы көретінін, отбасын сақтап қалғысы келетінін, бәріне өзі кінәлі екенін айтады. Кейінірек ол бұл жағдайды түсіндіріп берді ме? Сіз 18 сәуір күні қарындасыңызбен кездесіп, 3 сағат сөйлескеніңізді айтып отырсыз. Сіз бұл жағдайдың қалай және не үшін болғанын түсінгіңіз келді ме?", – деп сұрады Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова.

Бұған Айтбек Амангелді:

"Маған ешқандай себепті түсінудің де қажеті жоқ. Өйткені басқа адамға физикалық күш көрсетудің ешқандай да себебі болмайды. Оның үстіне сен одан физикалық жағынан күшті, екі есе ірі, семіз қабан болсаң", – деп мәлімдеді.

Сот жәбірленушінің сот залында бұлай сөйлеуіне болмайтынын ескертті. Сондай-ақ ол Бишімбаевтың адвокаттарына да ескерту жасады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар