Сенат Спикері ЕҚЫҰ Төрағасы – Финляндияның Сыртқы істер министрімен кездесті
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025
- 43

Сенат Төрағасы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Ұйымның халықаралық қауіпсіздікті нығайту және өңіраралық ынтымақтастықты жолға қою бағытындағы жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ ол Қазақстан елдер арасындағы ашық және инклюзивті диалогты дәйекті түрде қолдайтынын атап өтті. Осы орайда Хельсинки қорытынды актісінде көзделген миссияның және 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитінде қабылданған Астана декларациясының міндеттерін іске асырудың маңызды екені баса мән берілді.
Сұхбат кезінде тараптар парламентаралық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелеріне тоқталып, бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.
«Қазақстан Парламенті Ұйым аумағындағы қауіпсіздік және ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге жәрдемдесу үшін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен сындарлы диалогты әрі қарай дамытуға мүдделі. Біздің еліміздің Парламент депутаттары жыл сайынғы сессияларға және сайлауды байқау миссияларына белсенді қатысып келеді. Қазақстан қауіпсіздіктің барлық үш өлшемі бойынша ЕҚЫҰ-мен дәйекті түрде ынтымақтаса жұмыс істейді. Сондай-ақ біз орнықты даму, климаттық күн тәртібін ілгерілету және халықаралық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Палата Спикері Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асырылу барысына назар аударды. Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қолға алынған өзгерістер заңның үстемдігі мен инклюзивтілігін нығайтуға, өкілеттіктердің теңгерімді бөлінуін қамтамасыз етуге және орталық пен өңірлер арасындағы балансты жақсартуға негізделген. Мұның бәрі Әділетті Қазақстан қалыптастырып, оны дамытуды көздейтін тұжырымдамаға табан тірейді. Одан бөлек, биылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық жұмыстары да әңгімеге арқау болды.
Өз кезегінде Элина Валтонен ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге және жоспарланған жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі әрі дайын екенін жеткізді.
Тараптар Қазақстан Парламенті мен ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің өзара іс-қимылы жөнінде де сөз қозғады. Бұл ретте заң шығару және мәслихаттар жұмысын жетілдіру салаларындағы бастамалардың нәтижелері, қоршаған ортаны қорғау, цифрландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Орта дәліздің әлеуетін тиімді іске асыру тетіктері, сондай-ақ, бірлескен жұмыс аясындағы басқа да маңызды міндеттер талқыланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді
- авторОймақ
- 9 маусым, 2025