жұма, 13 маусым, 2025 1:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда мейрамханаға барып уланғандардың саны артты

Павлодарда мейрамханаға барып уланғандардың саны артты
Фото: ашық дереккөз
Павлодарда қыз ұзатуға мейрамханаға барып, тамақтан уланғандардың саны артты. Денсаулық сақтау басқармасының 10 маусымдағы мәліметі бойынша, жұқпалы аурулар ауруханасына 42 адам жеткізілген. Олардың көпшілігі ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, 7 маусымда мейрамханада өткен қыз ұзатуда барлығы 35 адам шағыммен жүгінген. Олардың 21-і ауруханаға жатқызылған.

Бұл уланғандардың қатарына келесі күні сол мекемеде өткен екінші мерекенің қонақтары да қосылды. Ол жерден 10 маусымда 7 адам жүгінген. Олардың бесеуі бөлімге орналастырылып, екеуі емделуге үйге жіберілді.

Павлодар облысының полиция жағдай туралы түсініктеме берді.

“Улану фактісі бойынша Павлодар қаласындағы кафелердің бірінде Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеруді бастады. Оның нәтижелері бойынша полиция іс жүргізу шешімін қабылдайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, - деп хабарлады ведомство.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар