сәрсенбі, 11 маусым, 2025 12:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Тұмар" сыйлығына өтінімдер қабылдау уақыты ұзарды

"Тұмар" сыйлығына өтінімдер қабылдау уақыты ұзарды
Фото: istockphoto
Ұлттық телевизиялық сыйлыққа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады.

«Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына  өтінім қабылдау уақыты 15 маусымға дейін ұзартылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.

Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:

- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор 

Өтінімдер ұлттық телевизиялық сыйлықтың ресми сайтына беріледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар